Украинадағы дағдарыс жақын арада шешімін табады

/uploads/thumbnail/20170708195237910_small.jpg

«Украинаның шығысындағы қарулы қақтығыс бірнеше айда шешімін табуы мүмкін», - деп мәлімдеді АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керри MSNBC эфирінде берген сұхбатында. Бұл туралы «Қамшы» порталы unian.info-ға сілтеме бере отырып хабарлайды.

«Бұл күрделі мәселенің шешімі бар деп ойлаймын. Оған себеп, біз бұрынырақта талқыға салған «Минск» жоспарын толығымен іске қосу үшін Украина Президенті Петр Порошенко, Франция Президенті Франсуа Олланд, Германия канцлері Ангела Меркель және Ресей Президенті Владимир Путинмен бас қоспақпыз. Маңызды кездесу 2-ші қазан күні Парижде өтетін болады», - деді Керри.

Аталмыш кездесудің өткізілу мерзімі 10-қыркүйекте, Петр Порошенконың әріптестерімен телефон арқылы орнатқан байланысында жоспарланған болатын.

 «Бірқатар сұрақтарға жауап алу үшін алдағы үш ай бойы бірігіп жұмыс істей аламыз деген ойдамын. Егер серіктестікке жол бар болса, онда Украинаның прогреске жету жолында да потенциалы бар!», - деп қорытындылады Керри.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың 12-мамырында Джон Керри, Владимир Путин және Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Сочи қаласында кездескен болатын. Ашық талқылау Украина, Иран және Сирия жағдайларына арналған болатын.

Назгүл Назар

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар