Жобалар жыл соңына дейін жүзеге асады

/image/2021/11/01/crop-43_11_363x484_111928192200.jpg

Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бектаева Жанар Әлібекқызының жетекшілігімен фракция мүшелері Шымкент қаласы бойынша 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының Жол картасындағы іс-шаралардың жүйелі орындалуын бақылау мақсатында қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының атқарған жұмысымен танысты.

Айта кетейік, аталған Жол картасында 149 іс-шара бар. Оның 70-тармағында алдағы бес жыл ішінде қалада аумағы 136 гектар болатын «Агроиндустриалды аймақ» құру көзделген. Оның орындалуын қамтамасыз ету қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасына жүктелген.

Агроинудстриалды аймақта ауылшаруашылық өнімдерін терең өңдейтін 20 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Бұл үшін 40 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылып, 1 мыңнан аса тұрақты жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланған.

Биыл жергілікті тұрғындарға 205 жұмыс орнын қамтитын 4 жобаны аяқтау міндеті тұр. Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша «Мәртөбе» тұрғын алабының маңынан 2 жылыжай іске қосылып, 70-тен астам адам жұмыспен қамтылған.

«Nur Otan» – айқын мақсаттар мен нақты істер партиясы.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар