Бүгін «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Шымкент қалалық филиалының 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының орындалуын бақылау мақсатында фракция жетекшісі Бекайдар Тулегенов «Оңтүстік» АЭА-да атқарылған жұмыстармен танысты. Орындалған жұмыстардың барысымен танысуға қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары және қалалық мәслихат депутаттары, фракция мүшелері Л.Сулайманов, Б.Қыдырбаев, М.Жолдыходжаевта барды.
Олар ең әуелі «Шымкенттік химия компаниясы» ЖШС-не бет алды. Жалпы құны 11 млрд. теңгені құрайтын бұл жоба бойынша 170 жұмыс орны құрылған. Жобаның жылдық қуаттылығы 57 мың тонна МТБЭ.
Одан соң жұмысшы топ өзбекстандық инвесторлардың қатысуымен жүзеге асып жатқан «BAIKRA» ЖШС-нің басшысы Д. Парпиевпен кездесті. Барлығы 375 млн.теңгені құрайтын жоба жыл соңына дейін іске қосылып, 50 жұмыс орны құрылады.
Жұмысшы топ бет алған кезекті кәсіпорын «Назар Текстиль» ЖШС болды. Жұмыс сапарының соңында партиялықтар «Azala Cotton» ЖШС-нің аралас иірімжіп шығару жобасының құрылыс барысымен танысып, кәсіпорын басшысы Бекет Тұрсынхановпен тілдесті. Ол жалпы құны 1,96 млрд. теңгені құрайтын жоба аясында 200 адам тұрақты жұмыспен қамтылатынын айтты.
«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының инвестициялық портфелі жалпы құны 125 млрд.теңге болатын 51 жобадан тұрады. Егер жобалар толық іске қосылса 6000-ға жуық жұмыс жұмыс орны ашылады. Қазіргі таңда ол жерде инвестициялық құны 53,9 млрд.теңгені құрайтын 26 жоба іске асып, 2408 тұрақты жұмыс орны ашылған.
Пікір қалдыру