Атыраудағы тұрғын үйде жарылыс болып, 3 адам зардап шекті

/image/2021/11/10/crop-148_8_697x929_01.jpg

Атырау қаласы Балауса шағынауданындағы жеке тұрғын үйде табиғи газдың жылыту қазандығы жарылды, деп хабарлады өңірдің төтенше жағдайлар департаменті. 

Оқиға 10 қараша күні түнгі сағат түнгі 1-шамасында болған. Оқыс оқиға салдарынан 120 шаршы метр болатын үй отқа оранған.

Жарылыс салдарынан 3 адам зардап шегіп, облыстық ауруханаға жеткізілген. 

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының үш науқастың жағдайын хабарлады. 

" Екі 2002 жылғы жігіттің бірі 90 пайыз дене күйігін алған, екінші 2002 жылғы жігіттің денесі 85-90 пайызға күйіп қалған. Екі пациент тыныс алу жолдарының бұзылуына байланысты вентиляторға қосылды.

1999 жылы туған қыз дәрігерлердің бақылауымен нейротравматология бөлімшесінде жатыр, науқас денесінің 25-30 пайызын күйік шалған" делінген хабарламада. 

Өрт түнгі сағат 2-ден 15 минут өткенде оқшауланып, сағат 2-ден 40 кеткенде өшірілген. Қызыл жалында сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінің 16 қызметкері, 6 техника және жедел жәрдем бригадасының 9 адамы, 3 техникасы жұмылдырылған. 

 

Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті

Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар