Жаңа басқару жүйесіне көшкен тұрғындар саны артып келеді

/image/2021/11/12/crop-79_10_688x918_whatsapp-image-2021-11-12-at-13.41.59.jpeg

Шымкент қаласының Абай ауданында Мүлік иелерінің бірлестігі (МИБ) және Жай серіктестік (ЖС) құру бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Ауданда 453 көпқабатты тұрғын үй бар. Оның 374-і әділет басқармасында тіркелген кондоминиум нысаны саналады.

Бүгінгі таңға дейін аудан әкімшілігінің ұйымдастыруымен МИБ және ЖС құрудың тиімділігін түсіндіру бойынша тұрғындармен 574 жиналыс ұйымдастырылды. Бүгінде 402 көпқабатты тұрғын үйдің келісім хаттамасы жасалып, тұрғын үй көлеміне шаққанда 93,6 % жетті. Оның ішінде, 317 көпқабатты тұрғын үйде жай серіктестік, 58-інде мүлік иелерінің бірлестігі құрылып, қалалық әділет департаментінде тіркелді. Өткен аптада аудандағы пәтер иелерімен 21 жиналыс өткізіліп, 12 үй ЖС басқаруына өтті. Тиісті хаттамалар түзілді.

Еңбекші ауданына келсек, 630 көпқабатты тұрғын үйдің 16-сы МИБ, 403-і ЖС бойынша келісімдері алынып, 42 бас тарту хаттамалары жинақталды. Сонымен қатар, жалпы 520 үйге түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Биылғы жылдың 21 қазаны мен 11 қарашасы аралығында Еңбекші ауданы әкімі аппараты мамандарының тарапынан 85 көпқабатты тұрғын үйге жаңа басқару жүйесінің тиімділігі түсіндіріліп, қол жинау үшін тұрғындарға хаттамалар берілді.

Қазіргі таңда, Қаратау ауданы аумағында МИБ және ЖС-ні түсіндіру бойынша тұрғындармен 91 кездесу, 20 онлайн жиналыс ұйымдастырылды. Аудан бойынша 10 МИБ және 297 ЖС құрылды. Сонымен қатар, түсіндірме жұмыстары нәтижесінде қалған көпқабатты үйлерден хаттамалар жиналуда.

Бүгінгі таңға дейін Әл-Фараби ауданы әкімшілігінің ұйымдастыруымен көпқабатты үйлерде басқарудың жаңа нысанына көшу бойынша тұрғындармен 521 жиналыс өткізілді. Соның арқасында 53 көпқабатты тұрғын үй МИБ-ке көшіп, қалалық әділет департаментінде тіркеуге алынды. Сондай-ақ, 295 тұрғын үй жай серіктестікке бірікті. Қосымша мүлік иелерінің бірлестігін құру бойынша 33 көпқабатты тұрғын үйдің келісім хаттамасы жинақталуда.

Ә.НҰРЖІГІТҰЛЫ

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар