Алматыдағы Ақбұлақ ықшамуданында бес адамға оқ атқан Игорь Дужновтың беті көгерген деген ақпаратқа қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет соталды тергеуді бастады. Бұл аөпаратты Алматы прокуратурасы растады.
"Күдікті Игорь Дужновқа қатысты зорлық-зомбылық жасалғаны туралы Алматы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет соталды тергеуді бастады. Қылмыстық кодекстің 362-бабы 2-бөлігі ("Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану арқылы зорлық-зомбылық жасау") бойынша іс жүргізіліп жатыр" делінген қалалық прокуратураның хабарламасында.
Бұған дейін ұсталғаннан үш күн өткен соң, сот отырысына қатысушылар Игорь Дужновтың бетінде көгергенге ұқсас қара дақтарды байқағаны хабарланған. Содан кейін қалалық прокуратура бұл деректі тіркеп, материалдарды тексеру және процессуалдық шешім қабылдау үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жіберген.
Игорь Дужнов 20 қыркүйек күні кешкі сағат 17:00 шамасында Алматыдағы Ақбұлақ ықшамауданындағы үйінен шығаруға келген полицейлер мен сот орындаушыларға оқ атып, салдарынан 5 адам өлген.
Ақбұлақтағы трагедия: Қайтыс болғандар туралы ақпарат белгілі болды
Алматыдағы атыс: 5 адамды өлтірген күдікті кім екені анықталды
Пікір қалдыру