Шымкентте жалдамалы пәтерден 23 жастағы қыздың мәйіті табылды

/image/2021/11/26/crop-248_9_527x702_77.jpg

Шымкентте жалдамалы пәтерлердің бірінен 23 жастағы қыздың мәйіті табылды. Бұл туралы Астана телеарнасы хабарлады. 

Жалдамалы пәтер иесінің сөзінше, 23 жастағы бойжеткен пәтерді 3 күнге жалға алған. Екі күн байланыста болған ол үшінші күні мүлдем хабарсыз кеткен.

Полицияның мәліметінше пәтер иесі қызды іздеп, үйге кіргенде мәйітті көрген. Мәйіт іште бір тәуліктей жатқаны белгілі болды.  

– Күдікті азаматша ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол 1990 жылы туған Түркістан облысының тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде, – деді Шымкент қалалық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар басқармасының бастығы Мөлдір Бекеева. 

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар