Оңтүстік Африка ғалымдары бейсенбіде көптеген мутациялары бар Ковид-19-дың жаңа штаммын анықтағанын айтып, инфекция санының өсуіне алаңдаушылық білдірді. Ғалымдар жаңа штамм үлкен қауіп төндіреді деген пікірде.
"Өкінішке қарай, біз Оңтүстік Африкада алаңдаушылық туғызатын жаңа штамм анықтадық" деді вирусолог Тулио де Оливейра баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, B.1.1.529 ғылыми нөмері бар штаммда "мутациялар саны өте жоғары".
"Өкінішке қарай, бұл – инфекцияның қайта өршуіне себепші болды" деді ол.
Оливейра вирус Оңтүстік Африкаға келген саяхатшылар арқылы тарап, Ботсвана мен Гонконгта да анықталғанын мәлімдеді.
Пікір қалдыру