Тоғжанов 2022 жылы кімдердің жалақысы өсетінін айтты

/image/2021/11/26/crop-160_16_684x913_555.jpg

2022 жылы дәрігерлердің жалақысын көтеруге бюджеттен 361 млрд теңге қаржы бөлінеді. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді. 

Тоғжановтың сөзінше, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 247 мың медицина қызметкерінің жалақысы өскен. Соның ішінде дәрігерлердің жалақысы 30 пайызға (246,1 мыңнан 319,9 мың теңгеге), орта медицина қызметкерлерінің жалақысы 20 пайызға (144,6 мыңнан 173,5 мың теңгеге) артқан. 

– Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арналған жолдауынын жүзеге асыру аясында 2020-2025 жылдары медицина қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңмен көтеру жоспарланған, – деді ол.

Вице-премьердің айтуынша 2023 жылға қарай медицина қызметкерлерінің жалақысын 2,5 есеге дейін ұлғайту жоспарланған.

Осы мақсатқа бюджеттен 2021 жылға – 222,3 млрд теңге, 2022 жылға – 361,7 млрд теңге, 2023 жылы 557,4 млрд теңге бөлу көзделген.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар