Хромтау ауданының Тасөткел және Ақбұлақ ауылдарына табиғи газ келді

/image/2021/12/01/crop-9_6_700x1065_9ef464dd78321061cda2b6136ba7d60c_1280x720.jpeg

11 қараша күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин  Хромтау ауданының Тасөткел және Ақбұлақ ауылдарындағы ауылішілік газ құбырларын іске қосу рәсіміне қатысты.
Елді мекендерге газ беру өңірлерді 2025 жылға дейін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы ұзындығы 78,6 шақырымдық ауыларалық газ құбырларының құрылысы аяқталған соң мүмкін болды. Құны 750 млн-нан асатын жобаны «Бабек Құрылыс» ЖШС мердігер мекемесі жүзеге асырды.
Газ қосу рәсімінен кейін облыс әкімі жаңа газ құралының жұмысын көрсеткен ауыл тұрғындарының үйіне кіріп шықты.
«Қыста біз бірнеше тонна көмір жағып келдік, ал ол - отбасылық бюджетке едәуір салмақ. Күн сайын от жағу да қиын. Біз газдың кіргеніне өте қуаныштымыз және облыс басшылығына осылай қолдау көрсеткені үшін алғысымыз шексіз»,- деді Тасөткел ауылының тұрғыны Светлана Сағырова.
Оңдасын Оразалин ауыл тұрғындарын құттықтап, жұмысшыларға жұмысты белгіленген уақытында орындағандары үшін рахмет айтты.
Өңір басшысы: «Мемлекет басшысының тапсырмасымен ауыл-аймақтарды дамыту, ауылдарда  қолайлы жағдай жасау жұмыстары жалғасатын болады»,- деп сендірді.

Айта кетейік, қазіргі таңда Хромтау ауданының  99 %-ы газбен қамтылған.
Облыс әкімі ауданға жұмыс сапары кезінде сондай-ақ, ұзындығы 25,2 және 28,6 шақырым болатын Табантал мен Тассай ауылдарының кіре беріс жолдарының аяқталған жөндеу жұмыстарын қарап шықты. Жұмысты орындаған - «АссанаДорСтрой» ЖШС. Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында «Арал құрылысы» ЖШС мердігер мекемесі Тасөткел ауылына кіретін жолды жөндеп жатыр. 
Автомагистральдің жалпы ұзындығы 33,4 шақырымды құраса, оның 14 шақырымына ендігі асфальт жабындысы төселіп қойды. Хромтау қаласында облыс әкімі осы күзде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында абаттандырылған көпқабатты үйлердің төрт ауласын қарап шықты. «ERG» компаниясы бұл мақсатқа 175 млн теңге жұмсады.
«Биыл үйлерімізді абаттандыру жұмыстары басталғанда қатты таңғалғанбыз. Тұрғындар риза, рахметтерін айтып келеді. Барлық аулада жарық бар»,- деді «Наташа» ПИК төрайымы Алла Бойченко.
«Хромтау қаласындағы аулаларды, қоғамдық кеңістіктерді жақсарту жұмыстары жалғасатын болады. «Қазхром» ТҰК бұл іске де ат салысуға дайын, өйткені мұнда бұл компанияның мыңдаған жұмысшысы отбасыларымен тұрады»,- деді қала тұрғындарымен тілдескен облыс әкімі.

Өңір басшысы сондай-ақ, Хромтау қаласындағы Окраин, ағайынды Жұбановтар, Оспанов, Жутеев и Бикешев сияқты бес көшенің қалпына келтіру жұмыстарын қарап шықты. Жол құрылысы жұмыстары өңірлерді дамыту бағдардамасы аясында жүзеге асырылуда.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар