Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тұғырлы Тәуелсіздік» республикалық ақындар айтысының қазыларымен және қонақтарымен кездесті. Кездесуге халық әртісі Асанәлі Әшімов пен оның жұбайы Бағдат Әшімова, айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының төрағасы Жүрсін Ерман, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Аманжол Алтай, Ғалым Жайлыбай мен Даулеткерей Кәпұлы, ақын-импровизатор Бауыржан Халиолла қатысты.
Кездесу барысында мәдениетке, айтысты ұлттық өнер түрі ретінде дамыту және дәріптеу сұрақтары талқыланды.
Пікір қалдыру