Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен аппарат жиынында коронавирусқа қарсы екпе алу қарқыны қаралды.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Руслан Хамбаровқа, денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаевқа COVID-19-бен күрес жұмыстарын жеке бақылауына алуды және халықтың екпе алу қарқынын, соның ішінде ақтөбеліктерге бір-екі күнде қол жетімді болатын Pfizer фирмасының вакцинасын алуын күшейтуді тапсырды.
Оңдасын Оразалин екпе — ауруды жұқтырмаудың және күшейіп кетпеуінің сенімді амалы екенін атап өтті. Сонымен қатар, жиын кезінде өңірдің ауылдық елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамту мәселесі қаралды. Облыс әкімі алдымыздағы жылдары ауылдарды сумен қамту жобаларын барынша жүзеге асыру үшін жобалық-сметалық құжаттаманы уақытылы әзірлеу жұмыстарын жандандыру қажеттігін айтты.
Пікір қалдыру