Оңдасын Оразалин әлеуметтік-экономикалық сұрақтар бойынша​ жиын өткізді

/image/2021/12/01/crop-12_11_696x1055_464e02889732d5f49d574df42f4c761b_1280x720.jpeg
23 қараша күні Ақтөбе облысының әкімдігінде өңір басшысы​ Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен аппараттық жиналыс өтті.
 
Жиынға Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдері, барлық басқармалардың басшылары​ қатысты.​
Жиын кезінде алдымен өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды.
 
Облыс әкімі тұрақты санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға қарамастан санитарлық талап шараларының сақталуын​ жаппай қамтамасыз етуді жалғастырып, халыққа екпе салу қарқынын жандандыруды​ қажет екенін​ атап өтті.​
 
Бұдан бөлек, облыстың биылғы​ жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала қорытындысы, бюджеттің игерілуі мен Ақтөбе қаласы бойынша​ «Nur Otan» ​ партиясының сайлауалды бағдарламасының Жол картасының жүзеге асырылуы​ қаралды.
Облыс әкімі өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды​ мақсатты индикаторларының қорытындысы бойынша жетістіктерге байланысты​ бірқатар тапсырмалар берді.​
 
Оңдасын Оразалин:​ «Біздің міндетіміз —​ жыл қорытындысы бойынша​ Мемлекет басшысының, Үкіметтің халықтың әл-ауқатын жақсартуға​ бағытталған​ тапсырмаларын орындау үшін барлық резервтерді пайдалану»,- деп атап өтті.​
 
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар