Кездесуге сондай-ақ, мемлекеттік, банктік мекемелер мен қоғамдық қызмет көрсету орындары қызметкерлерінің салалық кәсіподағының төрағасының орынбасары Атақозы Нұрланов, Ақтөбе облыстық кәсіподақ орталығының басшысы Алтынбек Әмірғалиев пен "Қызмет" салалық кәсіподағының Ақтөбе облыстық филиалының төрайымы Мухтарита Сағындықова қатысты.
Кездесу барысында кәсіподақ қозғалысының Ақтөбе өңірінде дамуына қатысты өзекті сұрақтар талқыланды.
Айта кетейік, мемлекеттік, банктік мекемелер мен қоғамдық қызмет көрсету орындары қызметкерлерінің салалық кәсіподағының өкілдері Ақтөбе облысына 10 қазан - Кәсіподақтар күніне арналған "Еңбек адамы - Тәуелсіздік тірегі" атты өңірлік форумға қатысу үшін келген.
Форум 5 қазан күні Шығармашылық академиясында өтеді. Шараға Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарынан келген делегаттар қатысады.
Пікір қалдыру