Ләйлә Сұлтанқызы журналистикада жүріп өткен жолын еске алып әріптесі Гүлнар Бажкеноваға сұхбат берді. Сұхбат барысында ол Батырхан Шүкеновке не үшін қарыздар екенін, кезінде қазақтілді журналистер қалай қиналғанын айтты.
– Мен журналистикаға келгенде редакцияның көбі орыстілді болатын. Қазақтілді редакция аз едік. Орыстілді редакция улап-шулап жаңа нәрсе ойластырып, тренд жасайтын. Қазақтілді журналистер ол кезде қысым көретін. Себебі сен көбірек істейсің, бірақ алатын айлығың аздау болады. Мен ол кезде музыкалық порталда істейтінмін. Айтпақшы, мен эфирге шыққан алғашқы қазақтілді виджеймін. Қазақша сөйлейтінім, қазақ эстрадасын танитыным "Супер стар" жобасына қазылық етуіме себепкер болды. Мені эфирден көріп қалған Батырхан Шүкенов жобаға қосылуыма тікелей әсер етті, – деді Ләйлә Сұлтанқызы.
Пікір қалдыру