Атырауда 10 желтоқсаннан бастап сауда және ойын-сауық орталықтарына Ashyq жүйесінде тек "жасыл" мәртебесі барлар ғана кіре алады. Бұл туралы atpress.kz сайты хабарлады.
– 10 желтоқсаннан бастап ойын-сауық сауда орталықтарына жұмыс және демалыс күндері қызметкерлер мен келушілерде қауіпсіз "жасыл" статус болған жағдайда, яғни вакцина алған адамдарға ғана кіруге болады. ПТР-сынамысының теріс нәтижесі бар адамдар да кіргізіледі. Бірақ анықтаманың мерзімі жеті күннен аспауы шарт. Сонымен қатар тұрақты медициналық көрсетілімі бар және соңғы үш айда коронавируспен ауырып шыққандар да ойын-сауық сауда орталықтарына кіре алады, – деді Атырау облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті басшысының орынбасары Әлия Бекешева.
Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласында да сауда-ойын орталықтарына "жасыл" статусы барлар ғана кіре алады.
Пікір қалдыру