Алматыда диссидент, ақын Арон Атабектің қазасына 40 күн толуына орай берілген астан шығып, Жаңаөзенде газ бағасының арзандауын талап етіп тұрған азаматтарды қолдамақ болып Навои көшесі бойымен шерулеткен бір топ адамды полицияның арнайы жасағы тоқтатты. Бұл туралы белсенді Бесжан Төлеубекұлы facebook парақшасында мәлім етті.
Белсенді түсірген видеодан адамдар рестораннан шығып, көлікпен, жаяулатып Навои көшесімен төмен, солтүстік бағытқа қарай шерулетіп түсіп бара жатқанда алдыларынан арнайы жасақ шығып, олардың жолын бөгегенін көруге болады.
Журналист Мият Кәшібай Бесжан Төлеубекұлымен телефон арқылы сөйлескенін айтады. Белсенді "автозаг" ішінде кетіп бара жатыр полиция 30 шақты адамды ұсталғанын жеткізген. 5 адамды Наурызбай аудандық полиция бөліміне тастаса, өзімен қосқанда 4 адамды Әуезов аудандық полиция бөліміне апара жатқанын мәлім еткен. Қалған адамдар қайда жеткізілетіні белгісіз. Қазіргі уақытта белсендінің телефоны сөндірулі тұр.
Пікір қалдыру