Белсенді Жанболат Мамай мен оның жақтастары Маңғыстау облысындағы наразылық акциясына қатысушыларды қолдап, Алматы көшелеріне шықты.
"Жаңаөзенді қолдаймыз!" - осы және басқа да плакаттармен тіркелмеген Демократиялық партия жақтастары Республика алаңына шықты.
Олар Маңғыстау облысы тұрғындарының газ бағасын төмендету туралы талабын қолдайтынын жеткізіп, марқұм ақын, диссидент Арон Атабектің қырқына орай берілген астан шығып, Алматыдағы наразылық акциясынк қатысуды жоспарлаған бірқатар белсенді ұсталғаны туралы хабарлады.
Алаңға жиналғандарға жергілікті билік пен құқық қорғау органдарының өкілдері шығып, акцияның заңсыз екенін мәлімдеді.
"Демократиялық партия" жақтастары Абай даңғылына түсіп, Орталық стадионға қарай шерулетті.
Айта кетейік, 2022 жылғы 1 қаңтадан бастап Жаңаөзенде "көгілдір" отын бағасы кенеттен 120 теңгеге дейін өскен. Тұрғындар кешелі бері газ бағасын 60 теңгеге дейін түсіруді бейбіт түрде талап етуде.
Пікір қалдыру