Жаңаөзенді қолдап Атыраудағы Теңіз мұнайшылары да ереуілге шықты

/image/2022/01/04/crop-63_41_798x1064_mycollages-2022-01-04t131355.275.jpg

Атырау облысындағы Теңіз мұнай-газ кенішінде жұмысшылар Маңғыстау облысындағы наразылық акциясына шыққандарды қолдап, ереуілге шыққаны хабарланды.

Әлеуметтік желілердегі видеодан мұнай-газ өндіретін компания аумағында жүздеген ер адамның арнайы жұмыс киімінде бір бағытқа қарай қозғалып бара жатқанын көруге болады.

"Теңіз ереуілде! Біз Маңғыстауды қолдаймыз!" – деп ұрандатып жатыр наразылық білдірушілер.

Маңғыстау облысы Жаңаөзен, Ақтау қалаларында автомобильге арналған сұйытылған газдың қымбаттауына байланысты тұрғындар 3 күн қатарынан наразылыққа шығып жатыр.

Үкімет газ бағасын кәсіпкерлер есебінен 120 теңгеден 85-90 теңгеге дейін түсіруге әзір екенін мәлім етті. Алайда тұрғындар газ бағасы бұрынғыдай 50 теңге келгенін қалайды.

Митингте "үкімет отставкаға кетсін" деген талаптар да айтылып жатыр.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар