Президент жарлығымен ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары мен мемлекеттік хатшы қызметінен кетті.
Қырымбек Көшербаевтың орнына президент көмекшісі болып келген Ерлан Қарин мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымына Мұрат Нұртілеу тағайындалды. Мұрат Нұртілеу сәйкесінше президент әкімшілігі басшысының орынбасары қызметінен босатылды.
Бейресми ақпараттарға қарағанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары Самат Әбіш те қызметінен кеткен. Самат Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Сатыбалдының ұлы.
Мұның алдында президент үкіметті отставкаға жіберген.
Пікір қалдыру