"Депутаттар үшін жақсы жаңалық емес". Тоқаев жалақыға қатысты мәлімдеме жасады

/image/2022/01/11/crop-216_31_1861x2482_1571144802_dc89883ccb9c9473a5517f24a5eb0af5.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс отырысында билік өкілдерінің жалақысын өсіруге 5 жылдық мораторий енгізетінін мәлімдеді.

Мемлекет басшысының айтуынша, енді министрлердің, әкімдер мен депутаттардың айлығы 5 жыл бойы өспейді.

– Үкімет пен депутаттар және әкімдердің еңбекақыларының шығысы туралы мәселе өткен жылдың соңында белсенді талқыланды. Менің ойымша, олардың жалақысы жеткілікті. Сондықтан олардың жалақысын көтеруге 5 жыл мораторий жариялауға болады деп санаймын. Бұл депутаттар үшін жақсы жаңалық емес екенін түсінемін. Бірақ сіздер де түсінесіздер деп ойлаймын. Ал әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттегілердің жалақысын мүмкіндігінше көтеруді жалғастырамыз, – деді президент. 

Оқи отырыңыз: Әлихан Смайылов Премьер-министр қызметіне тағайындалды

Тоқаев ҰҰШҰ бітімгерлік күштері Қазақстаннан қашан кететінін айтты

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар