Бұрынғы энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаев ұсталды. Бұл туралы ҚР АФМ баспасөз қызметі хабарлады.
"Қаржы мониторингі агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаментінің жедел-тергеу тобы бұрынғы Энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаевты электрондық сауда алаңдарының басшыларын сұйытылған мұнай газының бағасын негізсіз көтеруге қатысы бар деген күдікпен ұстады" делінген ведомство хабарламасында.
Сот Қарағаевқа тергеу органы таңдаған және облыс прокуратурасының қолдауымен 2 ай мерзімге "қамау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған.
Тергеу жалғасуда.
Бүгін Жұмабай Қарағаев Энергетика вице-министрі қызметінен босатылған болатын.
Пікір қалдыру