Жақында Астана қаласында ИШИМ террористік ұйымын («Ирак пен Шамдағы ислам мемлекеті», арабша ДАЕШ деп аталып кеткен) жақтайды деген күдікпен ер адам ұсталды. Бұл туралы «Қамшы» порталы nur.kz-ке сілтеме жасайды.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) ресми сайты таратқан мәлеметтерге сүйенетін болсақ, 30 қыркүйекте комитеттің Астана қалалық департаменті “терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру” айыбы бойынша “радикалды діни ағымның жақтаушысын” ұсталған.
ҚР ҰҚК күдікті “әлеуметтік желілерде діни экстремистік сипаттағы материалдарды, оның ішінде ИШИМ халықаралық террористік ұйымының іс-әрекетін насихаттаған” деген дерек барын, қазір жедел тергеу жұмыстары жүріп жатқанын айтады.
Күдікті қазір Астанадағы ішкі істер департаментінің абақтысында қамауда.
ИШИМ ұйымы 2014 жылдың жазында Ирак пен Сирияның біраз аумағын басып алып, ол жерде “Ислам мемлекетін” жариялаған.
Пікір қалдыру