"ӨКМ Операторы" басшысы өлімінің себебі белгілі болды

/image/2022/01/26/crop-200_9_512x683_f514493cb13c82b511f4dfd72173b870.webp

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті "ӨКМ операторы" (ӨКМ - Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері) ЖШС басқарушы директоры Руслан Шәмшиевтің өліміне қатысты тергеу басталғанын хабарлады.

Есіл ауданының полиция бөлімі тергеу қылмыстық кодекстің 105-бабы (Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу) бойынша жүріп жатқанын жеткізген.

"Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті "ӨКМ Операторы" ЖШС-ның құқықтық мәселелер бойынша басқарушы директоры Руслан Шәмшиевтің өліміне қатысты тергеуді бастады. Алдын-ала болжам бойынша ол өз-өзіне қол жұмсаған" делінген хабарламада.

Kozachkov offside телеграм каналы Руслан Шәмшиев жұмыс орнында электр шәйнегінің сымына асылып қалғанын жазған.

Руслан Шәмшиев "ӨКМ Операторы" ЖШС-ның құқықтық мәселелер бойынша басқарушы директоры қызметіне өткен жылы тағайындалған. Оған дейін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында жұмыс істеген.

Бүгін экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен "ӨКМ операторы" ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиевтің ұсталған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар