“Досаев кет”. Алматылықтар қала әкімін сайлау құқығын талап етті

/image/2022/02/05/crop-134_19_691x921_3243d552-16fe-4ee2-88f3-5e1833bf98ed.jpeg

Бүгін Алматы қаласында тұрғындар өз әкімін сайлауға мүмкіндік беруді талап етіп, митингке шықты.

Митинг сағат 12:00-де Шоқан Уәлиханов атындағы алаңда басталды. Қазір алаңда шамамен 100-200-ге жуық адам жиналған.

Митинг Қаңтар оқиғасы құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды.

Жиналғандар қала әкімін сайлау құқығын, қала әкімі болып тағайындалған Ерболат Досаевты қызметінен босатуды, Қаңтар оқиғаларынан кейін ұсталған кінәсіз адамдарды бостандыққа шығаруды талап етуде. 

Митинг өтіп жатқан алаң екі жағынан қоршалып, көлік қозғалысы шектелген. Полиция сырттан бақылап тұр. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар