АҚШ шенеуніктерінің ақпаратына сәйкес, Ресей алдағы апталарда Украинаға шабуыл жасау үшін қажетті әскери әлеуеттің 70%-ға жуығын дайындады. Бұл туралы BBC хабарлады.
Аты аталмаған шенеуніктер ақпанның ортасынан бастап Мәскеу көбірек ауыр техника әкелуі мүмкін екенін айтады.
Ресей Украина шекарасына жақын жерде 100 мыңнан астам әскер орналастырған, алайда Мәскеу шабуыл жасауды жоспарлап отырғанын жоққа шығарады.
АҚШ шенеуніктері өздерінің айыптауларына дәлел келтірген жоқ.
"Олар бұл ақпарат барлау қызметінің бағалауына негізделгенін, бірақ оның сезімталдығына байланысты егжей-тегжейлі мәлімет бере алмайтындарын айтты" деп хабарлады Reuters ақпараттық агенттігі.
Аты-жөнін атамауды сұраған АҚШ-тың екі шенеунігі Reuters ақпарат агенттігіне берген сұхбаты бойынша, ауа-райы жағдайлары Ресейге 15 ақпан мен наурыз айының соңына дейін ауыр техникаларды жеткізуіне ең жақсы мүмкіндік береді.
Шенеуніктер Ресейдің Украинаға басып кіруі 50 мыңға жуық бейбіт тұрғынның өліміне әкелуі ықтимал екенін ескертті. Олар сондай-ақ шабуыл болса, Украина астанасы Киев бірнеше күн ішінде қирап, миллиондаған адам жан сауғалап, Еуропада босқындар дағдарысын тудыруы мүмкін деп ойлайды.
НАТО-ның аймақтағы күштерін нығайту үшін Польшаға қосымша АҚШ әскерлері келді.
Бірінші топ сенбі күні елдің оңтүстік-шығысындағы Жешов қаласына қонды. Байден әкімшілігі бірнеше күн бұрын Шығыс Еуропаға 3 мыңға жуық қосымша әскер жіберетінін мәлімдеді.
Мәскеу өз әскерлері шекара маңына әскери жаттығулар өткізу үшін келгенін айтады, бірақ Украина мен оның батыстық одақтастары Кремль шабуыл жасауды жоспарлап отыр деп алаңдаулы.
Ресей Украинаның НАТО-ға кіруіне жол бермеу керектігін алға тартып отыр.
Әлі күнге дейін әлемдегі ең ірі ядролық арсеналдарға ие Ресей мен АҚШ арасындағы текетірес қырғи-қабақ соғыстан бастау алған.
Украина дағдарысына байланысты батыс елдері мен Ресей арасындағы шиеленіс қалай өрбіп жатыр:
- "Ресей Украинаға басып кіру үшін сылтау дайындап жатыр" деп хабарлады Әл-Жазира телеарнасы.
- "Ресей Украинаға басып кіруі мүмкін" деген қауіп күшейген кезде АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Еуропаға барды.
- "Барлық нұсқа тыс қалмайды. Дипломатиялық нұсқа да". АҚШ мемхатшысы Еуропаға неге бара жатыр?
- Джо Байден Ресей Украинаға шабуыл жасаса, Мәскеуді "апат" күтіп тұрғанын ескертті.
- АҚШ барлау агенттері Ресей Украинаға қашан шабуылдауы мүмкін екенін жариялады.
- Ресей соғыс ұшақтары Киевке жақын Беларусь еліне жиналды.
- Ағылшын саясаткері Ресей Украинаға басып кіретіні сөзсіз екенін және шабуыл жақын арада болатынын мәлімдеді.
- АҚШ, Ұлыбритания Украинаға қару-жарақ жіберіп жатыр.
- Дания, Испания, Франция және Нидерланды Шығыс Еуропаға жойғыш ұшақтар мен әскери кемелер жіберуде.
- Ресей ықтимал шабуыл туралы ақпараттарды жоққа шығарды.
- Германия қазірге Украинаға қару-жарақ бермейтінін айтты бірақ медициналық көмек көрсететінін жариялады.
- Екі жақ (Батыс-Ресей) соғысқа дайындықпен қоса, дипломатиялық келісімге келуге тырысуда.
- Франция мен Германия Ресейді диалогқа шақырды.
- Ресей, Украина, Германия және Франция дипломаттары келіссөз жүргізді.
- Батыс елдері Украинаға шабуыл жасалса, зардабы ауыр болатынын мәлімдеді.
- АҚШ өз азаматтарын Украинадан шығып кетуге шақырды.
- "Біз қалай болса да дайынбыз". НАТО Ресейдің талабын тойтарды.
- Байден: Бұл – екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең ірі шабуыл болуы мүмкін.
- Байден Ресейдің Украинаға қашан шабуыл жасайтынын айтты.
-
Вашингтон Ресей құбырын жауып, БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізетінін жариялады.
- БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің отырысы барысында Ресей мен АҚШ өкілдері сөзге келіп қалды.
- Ресей өкілі Киевтің "өз түбіне өзі жететінін" айтты.
- Вашингтон мен Мәскеу арасындағы келіссөздер шиеленісті бәсеңдете алмады.
- АҚШ Еуропаға көбірек әскер жіберетінін жариялады.
- Ресей Вашингтонның Еуропаға көбірек әскер жіберу шешімін айыптады.
Пікір қалдыру