Ермек Нарымбай тергеу изоляторына қамауға алынды

/image/2022/02/06/crop-58_5_352x469_9b6d5050-b726-4874-ae44-1e66f49acca2.jpeg

Саяси белсенділігі үшін қуғындалып, бірнеше жыл Украинада бас сауғалаған. Қазақстан соты "Алауыздықты қоздырды" деп бас бостандығын 3 жылға шектеген Ермек Нарымбаев Алматы әуежайында ұсталды.

"Ол іздеуде жүрген. Айта кетейік, Нарымбаев Қылмыстық кодекстің 174-бабы (Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру) бойынша ұсталған болатын" делінген қалалық прокуратура хабарламасында.

Қазіргі уақытта Нарымбаев тергеу изоляторына қамалған.

Ермек Нарымбай 2015 жылғы 12 қазанда ұсталған болатын. Оған әлеуметтік желіде ұлттық ар-намысты қорлау, ұлтараздықты қоздыру бағытындағы ақпаратты таратты деген айып тағылған. Белсенді Серікжан Мәмбеталин екеуі артынша әрекетіне "өкінетіні" туралы хат жазған. Ермек Нарымбай тергеу изоляторында бір айдан астам уақыт аштық жариялап, 2016 жылғы 22 ақпанда сот оны үй қамаққа ауыстыру туралы шешім шығарған. Кейін апелляция соты оның жазасын 3 жыл мерзімге еркіндігін шектеу жазасына ауыстырған. 2016 жылғы шілдеде Ермек Нарымбай құзырлы органдарға ескертпестен Украинаға кетіп қалған. Ол содан бері Украинада тұрып келді. 

Белсенді қаңтардың 23-і күні әлеуметтік желіде елге оралатынын, билікпен диалог орнатқысы келетінін хабарлаған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар