Денсаулық сақтау министрлігі 6 ақпан күнгі эпидемиологиялық жағдай туралы ақпаратты жариялады.
Министрлік мәліметінше, өткен тәулікте ПТР тест арқылы 3653 адамнан коронавирус, 36 адамнан пневмония анықталған. 5 ақпанда 16 адам коронавирустан, 3 адам пневмониядан көз жұмған.
7 ақпандағы мәлімет бойынша, 95 515 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 9 897 пациент стационарда, 85 618 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Індетке шалдыққандар арасында 453 адамның жағдайы ауыр, 155 пациенттің жағдайы өте ауыр, 96 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Алматы, Ақтөбе Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды,Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары "Қызыл" аймақта.
Жамбыл облысы ғана "Сары" аймақта.
“Жасыл” аймақта Шымкент қаласы, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары.
7 ақпандағы мәлімет бойынша 9 242 765 адам вакцинаның I компонентін, 8 811 370 адам II компонентін салдырған.
Пікір қалдыру