Денсаулық сақтау министрлігі 8 ақпан күнгі эпидемиологиялық жағдай туралы ақпаратты жариялады.
Министрлік мәліметінше, өткен тәулікте ПТР тест арқылы 3231 адамнан коронавирус, 141 адамнан пневмония анықталған. 7 ақпанда 16 адам коронавирустан, 5 адам пневмониядан көз жұмған.
9 ақпандағы мәлімет бойынша, 79 191 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 9 005 пациент стационарда, 70 186 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Індетке шалдыққандар арасында 410 адамның жағдайы ауыр, 154 пациенттің жағдайы өте ауыр, 103 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды,Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары "Қызыл" аймақта.
Алматы, Ақтөбе, Атырау облыстары "Сары" аймақта.
“Жасыл” аймақта Шымкент қаласы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары.
9 ақпандағы мәлімет бойынша 9 261 131 адам вакцинаның I компонентін, 8 832 725 адам II компонентін салдырған.
Пікір қалдыру