Президенттің Алматыдағы резиденциясы сүріліп, орнына саябақ салынады. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен қаңтар оқиғасы кезінде бұзақылар мен лаңкестер өртеп, қиратқан Алматы қаласындағы Президенттің қызметтік резиденциясы сүрілетін болды. Оның орнына қала тұрғындары үшін саябақ салынады" делінген ақпараттық хабарламада.
Пікір қалдыру