"Ресей президенті Владимир Путин Украинаның Батыс лагеріне кіруіне жол бергенше, Украинаны жойғанды жөн көреді" дейді BBC тілшісі Фрэнк Гарднер.
Ол BBC-дің "Таңғы ас" бағдарламасына берген сұхбатында ресейліктер осы уақытқа дейін ұрыстарда ең нашар қаруларын пайдаланғанын, бірақ шабуылдың "екінші кезеңіне" бел шеше кірісетінін айтады.
"Батыс Путинді басқыншылығы үшін жазалау немесе соғысты тоқтатуға мәжбірлеуі керек. Біздің мақсат оны тіпті де қатты соққылар жасап, шынымен қорқынышты нәрсе жасайтындай жаққа итермелеу емес" дейді журналист.
Гарднер "Путиннің жанында сақ болуға кеңес беретін біреудің болуы екіталай" дейді.
Оның айтуынша, Путин соңғы екі жылын осы шабуылды жоспарлаған кеңесшілермен бірге өткізген.
"Путин билікті өз қолында шоғырландырды. Онымен ешкім сөйлесе алмайды" деп ескертті Гарднер.
Пікір қалдыру