БҰҰ Украинадағы соғыстан қашқан босқындар саны екі миллионнан асқанын хабарлады.
Бейбіт тұрғындардың кетуіне мүмкіндік беретін атысты тоқтату келісімінен кейін адамдар солтүстік-шығыстағы Сумы мен Киев маңындағы Ирпин қалаларынан кетіп жатыр.
Дегенмен, Украина билігі қоршауда қалған Мариуполь қаласынан эвакуациялау жолын Ресей атқылап жатқанын айтады. Киевтің ақпаратына сәйкес, соңғы бірнеше күнде ресейлік шабуылдардың жалғасуы салдарынан бірнеше эвакуация жоспары бұзылған.
Ұлыбритания Қорғаныс министрі Бен Уоллес ресейлік әскерлер ілгерілеген жоқ және қазір олар "үмітсіз күйде" деп мәлімдеді.
Пікір қалдыру