Қытай басшысы Украинадағы жағдай бойынша бейбіт келіссөздер жүргізуге шақырды

/image/2022/03/08/crop-6_3_405x612_4c66b967-c61b-4b67-82e6-2420b74c500e.jpeg

Қытай төрағасы Си Цзиньпин Украинадағы жағдайды алаңдатарлық деп сипаттап, "максималды ұстамдылыққа" шақырды.

"Ол бұл туралы Франция президенті Эммануэль Макронмен және Германия канцлері Олаф Шольцпен виртуалды кездесу барысында айтты" деп хабарлады Қытайдың мемлекеттік CCTV телеарнасы.

Си бірінші кезекте Украинадағы жағдайдың бақылаудан шығып кетуіне жол бермеу керектігін, үш ел Ресей мен Украина арасындағы бейбіт келіссөздерді бірлесіп қолдауы керектігін жеткізген.

Қытай мен Ресей қазіргі уақытта тығыз дипломатиялық қарым-қатынаста, Бейжің Украинаға қарсы әрекетті айыптаған да, құптаған да жоқ. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар