Әлеуметтік желіде білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың отставкасын талап еткен петиция қызу талқыланып жатыр. 2022 жылғы 5 ақпанда жарияланған петицияға бүгінде 8244 адам қол қойған.
Петицияда Асхат Аймағамбетовты "өз өкілеттіктерін орындай алмайды, ғылыми-педагогикалық қоғамдастық пен ата-аналардың сенімін жоғалтты, БҒМ жүйесінде сыбайлас жемқорлық, жұмыстың құлдырауы, бюрократия, деректерді бұрмалау, ел басшылығынан және қоғамнан деректерді жасыру орын алуда" деп айыптайды.
Әлеуметтік желіде соңғы күндері осы петицияға қарсы шығып, Асхат Аймағамбетов ары қарай да білім және ғылым министрі бола беруін қалайтындарын жеткізушілер көбейе түсті. Осы орайда Қамшы порталы оқырмандары арасында сауалнама жүргізіп, министр жұмысын бағалауды сұрайды.
Пікір қалдыру