Ресейдің империалистік пиғылын сынаған қос белсенді желідегі жазбасы үшін 5 жылға сотталды

/image/2022/03/15/crop-74_0_554x985_full_1647322600391e3b0667a2c754f3705d4e7804e3b4_webp.webp
Бүгін Алматы қаласы Алмалы аудандық соты Ресей саясатын, Ресейдің империалистік пиғылын ашық сынаған белсенді Марғұлан Боранбай мен Данат Намазбаевты 5 жылға бостандығынан айыру туралы шешім шығарды.
 
Белсенділерге қылмыстық кодекстің 174-бабының 2-бөлігі бойынша (ұлттық, әлеуметтік араздықты қоздыру), 179-бабының 2-бөлігі бойынша (мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп,билікті басып алуды,насихаттауы) іс қозғалған.
 
"2018 жылдан бастап сотталушылар Б. мен Н. ғаламтор желілерін пайдалана отырып, олар «Facebook» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшаларында ұлттық және әлеуметтік араздықты қоздыруға, орыс ұлтының өкілдерінің ұлттық ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіруге бағытталған, оларды «ватниктер» деп атап жазбалар жариялап, орыс ұлты азаматтарын ұлты мен нәсіліне қарай кемсітуге жол беріп, орыс ұлтына жататын адамдарға қатысты күш қолдануға шақырғаны сот анықтаған. Сонымен қатар, сотталушы Б., «Facebook» әлеуметтік желісінде өзін ұлт патриоты ретінде көрсетіп, мемлекеттік жүйені өзгертуге шақырып, билікті күштеп басып алуға және конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге үгіттеп, билікке Қазақстан Республикасынан тыс жерде жүргендер қылмыскерлерді әкелуді ұсынған. Сотталушы Н. «Facebook» әлеуметтік желісінде осыған ұқсас жарияланымдарға жол беріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы түбегейлі шараларды ұсынған" делінген сот хабарламасында.
 
Сот белсенді Марғұлан Боранбайды бас бостандығынан айырып қана қоймай, 3 жыл мерзімге бұқаралық ақпарат құралдарын және телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, қоғамдық-саяси қызметпен айналысуға тыйым салды.
 
Белсенділер кінәларын мойындамады. Сот шешімі әлі күшіне енген жоқ.
 
Сот шешіміне әлеуметтік желіде наразылық білдіріп жатқандар көп. Олардың қатарында мәжіліс депутаттары Ерлан Саиров пен Қазыбек Иса сот шешімі әділ емес деп санайды. Қазыбек Иса "мәселеге байланысты іске кірісін жатқанын жазды"
 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар