Украина президенті Владимир Зеленский Ресеймен бейбіт келіссөздер "шынайырақ көріне бастады" деп мәлімдеді.
Украиналық келіссөзші Михайло Подоляк келіссөздер барысында іргелі қайшылықтар бар, бірақ мәмілеге келуге мүмкіндік те бар екенін айтады.
Орыс әскерлері 400 адамды, оның ішінде дәрігерлер мен науқастарды Мариуполь қаласындағы госпитальда "кепілде" ұстап отыр, деп хабарлады қала әкімнің орынбасары.
Украинаның жоғары лауазымды шенеунігінің айтуынша, сейсенбіде 20 мыңға жуық адам қаладан кеткен.
Киев мэрі Виталий Кличко 35 сағаттық коменданттық сағат жариялап, "қиын әрі қауіпті сәт" туралы ескертті.
Кремль АҚШ-тың санкцияларына жауап ретінде 13 америкалыққа, соның ішінде президент Джо Байденге Ресейге кіруге тыйым салды.
Пікір қалдыру