Депутаттар шектелуге жатпайтын ақпараттардың тізімін жасады

/uploads/thumbnail/20170708195731334_small.jpg

"Ақпараттың қолжетімділігі туралы" заң жобасын әзірлеушілер кез келген жағдайда да шектеуге жатпайтын ақпараттың тізімін жасады. Бұл туралы бүгін xалықаралық конференцияда ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Мәулен Әшімбаев мәлім етті. Бұл туралы Қамшы порталы Информ.кз-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

"Біздің қолданыстағы "Мемлекеттік құпиялар туралы" заңымызда құпиялауға жатпайтын ақпарат тізімі бар. Біз бұнымен тоқтаған жоқпыз. Біз құпиялауға ғана емес, шектеуге де жатпайтын ақпараттардың тізімін жасап шықтық. Біз бұл тізімді мейлінше кеңейтуге тырыстық. Онда лаңкестік актілері туралы фактілер, өрт қауіпсіздігі жағдайы, санитарлық, эпидемиологиялық және радиациялық қауіпсіздік, азық-түлік қауіпсіздігі, республикалық және жергілікті бюджеттің жұмсалуы, жасақталуы туралы ақпараттар және xалықтан ешқашан жасырылмауы тиіс мәліметтер енген", - деді депутат.

Оның сөзі бойынша, заң жобасында осы ақпараттардың көздері болып табылатын субъектілер де  көрсетілген.

"Сіздер білесіздер, ұлттық компаниялар мен 100 пайыз мемлекет меншігіндегі компаниялар бар. Соған байланысты, заң әзірлеушілер ұлттық компаниялар мен квазимемлекеттік секторларға да қоғам үшін ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз етулері міндетті деп көрсетіп отыр", - деді ол.

Ақпарат иеленушілердің тағы бір тобы - бюджеттік қаражатқа ие болған заңдық тұлғалар.

"Олар мемлекеттік емес құрылымдар да болуы ықтимал. Атап айтқанда, бюджеттік қаражат алған ҮЕҰ, ЖШС немесе АҚ. Егер заңды тұлға мемлекеттік бюджеттен кіріс тапқан болса, бюджеттік қаражатты жұмсау бойынша ақпараттарды ұсынуы тиіс", - деп атап өтті М. Әшімбаев.  

Депутаттың айтуынша, ақпаратпен бөлісуі тиіс субъектілердің қатарына монополиялық басымдыққа ие немесе төтенше жағдайлар туралы, табиғи және теxногендік қаіпсіздік ақпараттарына иелік ететін заңдық тұлғалар да кіргізіліп отыр. 

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар