Қытай төрағасы Си Ресейге салынған санкцияларға қарсылық білдірді

/image/2022/04/21/crop-5_5_399x613_c3afa12b-d271-43e8-b55a-5fc4f6a42c51.jpeg
Қытай төрағасы Си Цзиньпин Батыс елдерінің Ресейге салған санкцияларына қарсылығын қайталады.
 
Аймақтық экономикалық форумда сөйлеген сөзінде Си Цзиньпин Мәскеуге жасалған қысым мен жеткізілімдерді тоқтату тактикасы жұмыс істемейтінін айтты.
 
Бейжің Ресейдің Украинаға басып кіруін айыптаудан бас тартқан әрі өзінің жан-жақты стратегиялық серіктесі ретінде сипаттайтын елдермен қалыпты сауда қатынастарын жалғастыруға уәде берген.

Associated Press агенттігі Қытай Ресей әскерінің Украинадағы сәтсіздіктерінен сабақ алғысы келеттінін, әскері әлемдегі ең мықтылардың бірі деп саналып келген елді саны мен қуаты жөнінен өзінен аз күш қанға бөктіріп жатқанын аса ыждаһат танытып бақылап отырған бір ел болса, ол Қытай екенін жазған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар