Лавров ескертуінен кейін БҰҰ бас хатшысы Путинге бара жатыр

/image/2022/04/26/crop-15_11_500x943_russia-ukraine-war-will-have-no-winners-only-losers-un-chief.jpeg
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш бүгін кешке Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездеседі.
 
Бұл – Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Үшінші дүниежүзілік соғыстың шынайы қаупі туралы ескертуінен кейін болып жатыр.
 
Бірақ Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Лавров әлемді қорқытпақшы деп санайды.
 
Ал Ұлыбританияның Қарулы Күштері министрі Джеймс Хиппи Украинадағы соғыстың ушығу қаупі бар деп ойламайтынын жеткізді.
 
Дегенмен Хиппи Украина күштерінің Мәскеудің жеткізу желілерін үзу үшін Ресей территориясындағы нысандарға соққы беруін қолдайтынын айтты.
 
Батыстық одақтастар Германияның әуе базасында Украинаға одан әрі қолдау көрсету мәселесін талқылау үшін бас қосып жатыр.
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар