Халықтан қару сатып алу акциясы: Қару иесі қылмыстық жауапкершілікке тартылып жүрмей ме?

/image/2022/04/26/crop-26_11_602x1070_v-iyule-severokazahstantsy-sdali-v-politsiyu-47-edinits-ognestrel-nogo-oruzhiya.

ІІМ азаматтар арасында заңсыз сақталып жатқан атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша республикалық акцияны бастады, – деп хабарлады Polisia.kz сайты.

Қару-жарақ заттарын ерікті түрде тапсырғаны үшін республикалық бюджеттен қарудың әр бірлігіне оның техникалық жай-күйіне байланысты сомасы 10-нан 100-ге дейінгі АЕК көлемінде төлем көзделген.

Акцияның алғашқы күні полицияға ерікті түрде 109 атыс қаруы тапсырылған. Оның ішінде 20 шолақ мылтық, 88 тегіс ұңғылы, бір травматикалық және шолақ мылтыққа арналған 3,5 мың оқ-дәрі бар.

"Барлық қару-жарақ түрлері ІІМ-нің тіркеуі негізінде тексеріліп, криминалдық сараптамалардан өткізіледі. Қару-жарақ заттарды қабылдау әрбір аумақтық полиция органдарында жүргізілетін болады. – Жарақаттанудың алдын алу мақсатында табылған жарылғыш материалдармен және оқ-дәрілермен ешқандай іс-қимыл жасамауды, ешбір жағдайда оларды тасымалдауға тырыспауды, бұл туралы кез келген полиция бөлімшесіне, оның ішінде 102 нөміріне немесе 112 нөміріне телефон арқылы хабарлауды сұраймыз. Ерікті түрде тіркелмеген атыс қаруы, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылудан босатылады" делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Ішкі істер министрлігі 2008 жылдан бастап халықтан заңсыз сақталған қару-жарақты сатып алу бойынша 11 республикалық акция өткізген. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен қажетті қаржы бөлінеді. Барлық акциялар барысында (2008, 2012-2015, 2016-2021) халық 54 мыңнан астам атыс қаруы мен ойық ұңғылы қарудың 2 миллионнан астам патрондарын өз еркімен тапсырған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар