Илон Маск Twitter-ді сатып алды

/image/2022/04/26/crop-8_9_520x996_screen-shot-2022-04-26-at-10.10.06-am.png
Тесла компаниясының бас атқарушы директоры, әлемдегі ең бай адам Илон Маск дүйсенбіде Twitter-ді сатып алу туралы келісімге қол қойды.
 
"Сөз бостандығы – жұмыс істеп тұрған демократияның негізі, ал Twitter – адамзаттың болашағы үшін маңызды мәселелер талқыланатын цифрлық алаң" деді Маск сатып алудан кейінгі мәлімдемесінде.
 
Маск Twitter-дің алгоритмдерді ашық болатынын айтты. Ол бұған дейін адамдар не көретінін және Twitter-де мазмұнның қаншалықты кең таралатынын анықтайтын бағдарламалық құралды ашу керектігін жеткізген. Әлемдегі ең дәулетті адамның пікірінше, Twitter оның меншігіне өткен соң, спам-боттар жоғалады. Маск Twitter-дегі боттардың таралуымен, белгілі бір тақырыптардағы твиттерге жауап беруге бағдарламаланған жалған аккаунттармен күреспек.
 
"Егер біздің Twitter-дегі ұсынысымыз сәтті болса, біз спам-боттарды жеңеміз!" деген Маск өткен аптада Twitter-де барлық "шынайы адамдардың түпнұсқалығын растауды" қалайтынын айтқан.
 
"Барлық адамдарды аутентификациялау арқылы Twitter-ді бұрынғыдан да жақсартқым келеді" деді ол.
 
Оған қоса, ол Twitter-дің төлем жүйесі үшін криптовалюта (Dogecoin) қолданылуы мүмкін екенін айтты.
 
Компанияның директорлар кеңесі Илон Масктың әлеуметтік медиа алыбын жекеменшікке алу туралы 44 миллиард долларлық ұсынысын бірауыздан қабылдағаннан кейін Twitter акциялары 5%-дан астам қымбаттады.
 
Ақ үй бұл келісім туралы пікір сұраған сауалға түсініктеме беруден бас тартты, дегенмен АҚШ президенті Джо Байден әлеуметтік медиа платформаларының күшіне көптен бері алаңдағанын жеткізді.
 
"Біздің алаңдаушылықтарымыз аяқ астынан болған жоқ. "Платформалар қажет жағдайда жауапкершілікке тартылуы керек. Президент әлеуметтік медиа платформалардың, соның ішінде Twitter және басқалардың жалған ақпарат тарату күші туралы алаңдаушылықтары туралы көптен бері айтып келеді" деді деді Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псаки.
 
Ал республикашылдарды, әсіресе Трампты қолдайтын Fox News сияқты басылымдар Илон Масктың сатып алуын құптайтын жаңалықтар таратып жатыр.
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар