ШҚО-да биыл Жеңіс күніне орай төмендегідей көлемде біржолғы материалдық көмек көрсету жоспарланған (01.04.2022 ж. көрсетілген тұлғалар саны):
- 42 ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне – 1,5 млн. теңгеден;
- Кеңес әскерінің ерікті жалдама құрамының 1 адамына – 100 мың теңгеден;
- Блокада кезеңінде жұмыс істеген 9 адамға – 100 мың теңгеден.;
- Концлагерьлердің 17 бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындарына –100 мың теңгеден;
- 393 ҰОС қатысушылары мен мүгедектерінің жесірлеріне – 100 мың теңгеден;
- 218 наградталған тыл еңбеккерлеріне – 100 мың теңгеден;
- 10 074 марапатталмаған тыл еңбеккерлеріне – 50 мың теңгеден.
10 754 ардагер, оларға теңестірілген және еңбек ардагерлері үшін төлемдердің жалпы сомасы 630 500 мың теңгені құрайды.
Пікір қалдыру