"Шығыстағы шайқаста күн сайын шамамен 50-ден 100-ге дейін адам қаза табады" деді Украина президенті Владимир Зеленский баспасөз брифингінде.
Оның айтуынша, қаза тапқандар Украинаны "ең қиын жерлерде" қорғаған.
Зеленский адам шығынына қатысты бұдан әрі егжей-тегжейлі түсіндірмеді, бірақ бұл түсініктемелер әскери шығыстағы шайқастар қаншалықты қызып жатқанын көрсетеді.
Қазіргі таңда Ресей күштері Донбасстың шығысындағы қалаларды басып алу әрекетін күшейтіп, басты назарын Северодонецк қаласына бағыттаған.
Дереккез: ВВС
Пікір қалдыру