Ұлыбритания қазіргі Ресей мен Кеңес Одағының ыдырауы алдындағы ұқсас жағдай туралы мәлімдеді

/image/2022/05/23/crop-4_6_412x738_screen-shot-2022-05-23-at-3.45.43-pm.png

Ұлыбританияның қорғаныс министрлігі соңғы барлау ақпаратында соғыстың алғашқы үш айында қанша ресейлік әскер қаза тапқанын хабарлады. Олардың ақпаратынша, үш айда қаза тапқан орыс әскерінің саны Ауғанстанда тоғыз жылға созылған соғыс кезінде Кеңес Одағы жоғалтқан әсер санымен теңескен.

Донбастағы шабуылдар көп шығынға ұшырауына төмен деңгейлі тактика, шектеулі әуе қорғанысы, икемділіктің жоқтығы сияқты факторлар себеп болған.

"Құрбандар көбейген сайын бұл шығындар Ресей қоғамына біліне береді және қоғамның соғысқа деген наразылығы артуы мүмкін" деп болжайды Ұлыбритания.

Кеңес Одағы коммунистік үкіметті қолдауға тырысқан Ауғанстан қақтығысында кемінде 15 мың сарбазынан айырылған. Соғыс "қанды тығырыққа тірелу" және Кеңес Одағының ыдырауының факторы ретінде қарастырылады.

Дереккөз: ВВС

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар