Маусымнан бастап қазақстандықтар жоғарылатылған зейнетақы мен жәрдемақы ала бастайды, деп хабарлады "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы.
Ведеомстваның хабарламасына сәйкес, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) төленетін ынтымақты зейнетақы мен әлеуметтік төлемдердің мөлшері қосымша 4 пайызға индекстеліп, ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) мен айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінің өзгеруіне байланысты базалық зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері 4 пайызға артқан.
Заңға сәйкес 1 сәуірден бастап:
Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) - 3 180 теңге мөлшерінде;
Ең төменгі зейнетақы - 48 032 теңге;
Ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) - 37 389 теңге;
Базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 20 191 теңге.
Маусым айынан бастап зейнетақы мен жәрдемақы алушылар сәуір және мамыр айларының қосымша ақысын ескере отырып, төлемдерді жоғары мөлшерде алатын болады.
Жоғарылайтын төлемдердің жалпы саны 6,6 млн-ды құрайды.
Пікір қалдыру