Алматы прокуратурасы сәби сату туралы қылмыстық істі тергеу жұмыстарының мән-жайын айтты, деп жазады КТК телеарнасы.
Сайтта сәбиінен бас тартқандармен қоса, асырап алғысы келетін келіншектердің де өтініштері көптеп жүр. Дегенмен құзырлы орындардың құрығына іліккен желі қызметкерлері ізін жасыру үшін парақшаларын өшіріп үлгерген. Заңсыз әрекетке барғандардың ісі енді сотта қаралмақ.
Анықталғандай, сайт 2013 жылы тіркеліпті. Бірақ елде жұмыс жүргізгеніне жарты жыл ғана болған. Соның өзінде жасырын әрекетін сәтті жүргізген. Саудаға түскендердің дені – 1 жасқа дейінгі балалар. Ал өз нәрестесінен жеріп, саудаға салғандар – 20 бен 35 жас аралығындағы әйелдер. Қолға түскен екі келіншектің бірі Алматы қаласынан болса, екіншісі Түркістан облысының тумасы екен.
– Біріншісі сәбиді басқа ата-аналардың қолына берген факті анықталды. Екінші факті бойынша дүниеге әкелген ана баланы басқа ата-анаға беруден бас тартты. Оның өз ата-аналары бағып қарайтын болды. Қазіргі таңда Алатау ауданы бойынша сәбилерді сату я болмаса сатып алу фактілері анықталған желі әшкереленген болатын. Біздің ұсынысымз толығымен қанағаттандырылды. Қазіргі таңда ол сайт тоқтатылды, – дейді Алатау ауданының прокуроры Ізбасар Масақбаев.
Пікір қалдыру