Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

/image/2022/06/29/crop-15_9_487x866_tass_43572448-pic905-895x505-47303.jpg

Кейінгі тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясы 110 адамнан анықталған, деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.
 
Оның ішінде:

  • Нұр-Сұлтан қаласында - 29,
  • Алматы қаласында - 56,
  • Шымкент қаласында – 7,
  • Ақмола облысында – 2,
  • Алматы облысында - 1,
  • Атырау облысында - 2,
  • Жамбыл облысында - 4,
  • Қарағанды облысында - 6,
  • Павлодар облысында - 1,
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 2.

Елде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 306 471-ге жетті. Барлығы 1 292 328 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шыққан. 2022 жылғы 28 маусымдағы дерекке қарағанда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 9 523 631 адам, 2-компонентін 9 306 077 адам салдырған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар