ОКҚ-де өтіп жатқан брифинг барысында ШҚО әкімі Даниал Ахметов журналистерді Семейдің қандай оң өзгерістерге ұшырағанын жеке көру үшін қалаға келуге шақырды.
Биыл Семей жаңа Абай облысының орталығы атанды. Алайда қала ұзақ уақыт ШҚО құрамында болғандықтан тілшілер қалаға қатысты әкімге бірнеше сұрақ қойды.
Сұрақтардың бірінде БАҚ өкілдері Семей кәсіпкерлері Даниал Ахметовтің жұмысын сынға алғанын атап өтіп, әкімнің бұл сөздерге деген көзқарасын сұрады.
Даниал Ахметов журналиске әңгіме мәселеге қалай, қандай призмадан қарауда екенін айтты.
– Егер сынаушылардың сөзінен бір ғана түсті көрсеңіз, онда бұл – бір сұрақ, егер сынаушылар 3-4 болғанын көрсеңіз – бұл басқа әңгіме. Менің басты міндетім – өз тапсырмамды орындау. Семейдің әлеуметтік мәселесі қалай шешіліп жатқанын, көшелерді қаншалықты кеңейгенімізді, жылдар бойы шешілмеген инфрақұрылым мәселелерін шешкенімізді көрмеуіңіз мүмкін емес. Тұрғындар 30 жыл бойы көпірдің жөнделуін күтті, біз мәселені шештік. Семей әуежайын жөндедік, қазір семейліктер емін-еркін ұшып жүр. Сумен қамтамасыз ету мәселесін шештік. Кәріз дюкерін күрделі жөндеуден өткізу туралы әңгіме 40 жыл бойы жүрді. Біз алдық оны шештік. Семейге келіп, жасалынған жұмыспен танысыңыз, танысқанда да өз елін жақсы көретін, жаны жақсылыққа жақын азаматтың көзімен көріңіз, – дейді Даниал Ахметов.
Пікір қалдыру