Алматылық азамат адамдарды "Оңтүстік Кореяға жұмысқа тұрғызамын" деп алдап келген

/image/2022/07/29/crop-26_5_653x1162_1acb8a71-dd31-42a7-9578-c2593c67f1c8.jpg

Оңтүстік Кореяға жұмысқа тұрғызамын деп алматылықтарды 2 млн теңгеге алдап кеткен ер адам ұсталды, – деп хабарлады ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсы.

27 жастағы Ц.есімді азаматтың іс-әрекеті екі және одан да көп адамға қатысты алдау және сенімге қиянат жасау арқылы бөтеннің мүлкін бірнеше рет ұрлау ретінде квалификацияланған.

– Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне алаяқтық бойынша 2 дерек тіркелді. Олар бір өндіріске біріктірілген. Күдікті интернет-ресурс арқылы адамдарды алдаған. Ол Оңтүстік Кореяға жұмысқа орналасуға және жұмыс визасын алуға көмектесу туралы жалған хабарландырулар орналастырған. Ақшаны алғаннан кейін ер адам жасырынып қалған. ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы, ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағына (алаяқтық) сәйкес қылмыс жасады деген күдік бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Ц.есімді азамат ұсталды. Ол ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес қамауға алынды, – деді Жетісу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дархан Мұсанов.

Полиция тергеу қажеттігі үшін Ц. есімді азаматтың қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтар болса, төмендегі телефондар арқылы хабарласуларын сұрайды:

+7-778-879-78-88; + 7-702-401-11-10.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар