ҚАНТ ҚЫЗЫЛШАСЫНАН РЕКОРДТЫҚ ӨНІМ АЛЫНБАҚ

/uploads/thumbnail/20170708195819007_small.jpg

Алматы облысының қант қызылшасын өсіруші кейбір шаруашылықтары биыл рекордтық көрсеткішке қол жеткізіп, әр гектарынан 700-750 центнерден астам өнім жинады. Жиналған қант қызылшасы түбірінің салмағы 6,5 – 7 келіден тартуда. Бұл туралы Қамшы порталы Айқын-Ақпаратқа сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Қант қызылшасын жинау науқаны енді басталғанына қара­мастан, нәтижесі бүгіннің өзінде көңілден шығуда. Шаруалардың айтуынша, дәл осындай бітік өнімді алмағалы біраз уақыт бо­лыпты.
– «Ағымдағы жылы түсім мол. Мә­селен, бір қант қызылшасы­ның салмағы 6,5-7 келіден ке­луде. Әр гектардан 700-750 центнерден өнім алуды жос­парлап отырмыз. Біз Көксу қант зауытына қант қызылшасының алғашқы партиясын жіберіп қой­дық, – деді Сарқан ауданы «Ақ құдық» шаруа қожалығының басшысы Сержан Есімжанов.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың Алматы облысына жасаған іссапары кезінде аймақта қант қы­­зылшасын қайта жаңғырту жө­­нінде тапсырма берген бола­тын. Осы мақсатта өңір басшы­лығы тиісті жұмыстар жүргізіп, қант қызылшасын өсіретін шаруа­ларға 240 млн теңге мемле­кеттік суб­сидия бөліп, 1 млрд теңгеге жуық қаражатқа арнайы техника, са­палы тұқым, жанар-жағармай сатып алуларына жағдай жасады.

Ең бастысы, есіл еңбек еш кетпей, бүгінде соның оңды нәтижесін беруде. Жалпы, биыл облыс бойынша қант қы­зыл­шасы алқабының көлемі 4 мың гек­тарды құрайды. Ескелді ауданындағы «Хиль­ниченко және К» серіктестігінің 187 гектар алқапқа тәтті түбір егілген. Өзге шаруа­шы­лықтардағыдай мұнда да жұмыстың 65 пайызын арнайы техника атқарса, қалған жұмыс көлемі қол күші­мен істеледі. Жұмыстарға 27 техника жұ­мыл­дырылған. Тәулігіне 12 гектар алқап­тың өнімін жинау арқылы барлық алқаптардағы қант қызылшасын үш аптаның ішінде жинап бітіру жоспары бар. Өнімнің сапасы да көңілден шығуда.
«Хильниченко және К» серіктестігінің өсімдік шаруашылығы төрағасының орынбасары Виктор Романенко «облыс әкімі Амандық Ғаббасұлы қант қызыл­шасына қатысты семинар-кеңес өткіз­генде біз 500 центнер өнім жинаймыз деп уәде бергенбіз. Біз өз сөзімізден тайын­баймыз, мұндай өнімді жинауға жағдай бар. Біздің пайымдауымызша, биылғы жылы гекта­рынан 700 центнер өнім жи­науға сенім мол» екенін айтты.
Осы серіктестіктің бригадирі Нүсіпхан Керімбековтің айтуынша, дәл мұндай өнім көлемі соңғы он жылда болмаған. 
– Елбасы қолдауының арқасында елі­міздің барлық шаруаларына жақсы жағдай жас­алуда. Шаруалар мемлекет тарапынан субсидия, тұқым, тыңайтқыш пен жанар-жағармай түріндегі қомақты көмек табуда. Сол себепті өнімнің осы жылы бітік шыққандығы бәрімізді қуантады. Алдағы уақытта бұрын-соңды болмаған рекордтық көрсеткішке қол жеткіземіз. Мемлекет тара­пынан осындай қолдаудың арқасында келер жылы қызылша көлемін одан әрі арттыра түсеміз, – дейді Нүсіпхан Керім­беков.
Жалпы, қант қызылшасын жинау нау­қаны облыста енді басталғанына қара­мастан, нәтижесі бүгіннің өзінде көңілден шығуда. Амандық болса, жер жаннаты Жетісу өлкесі қызылшаның отаны деген атқа ие болар күн алыс емес.
Елбасының тапсырмасын орындау мақ­сатында облыс әкімі Амандық Бата­лов қант қызылшасы алқаптарының кө­лемін арттыру мақсатында «Қазақ­стан­ның би­дай одағы» заңды тұлғалар бір­лестігінің президенті Нұрлан Тілеу­баевпен бірге аймақтың қант қызыл­шасын өсіретін аудан, қала әкімдері, шаруа қожалықтары басшыларының қатысуымен де бірнеше рет жиын өткізді. 
Елбасының тапсырмасына сәйкес биыл облыс бойынша қант қызылшасы алқабы 4 мың гектарға көбейтілді. Оның ішінде Ақсу ауданы – 860 гектар, Қаратал – 560 гектар, Сарқан – 730 гектар, Көксу – 830 гектар, Ескелді – 1000 гектар, Талды­қорған қаласы 20 гектар жерге екті. 
«Жетісу» ӘКК Алматы облысы әкім­дігінің қолдауымен жүзеге асырып жатқан жоба аясында Қаратал, Көксу, Ескелді және Сарқан аудандарында 6 СДО құ­рылды. Үстіміздегі жылдың нау­рыз айында Талдықорған қаласындағы қант қызыл­шасын өңдеумен айналысатын сервистік-дайындау орталықтарына «Жетісу» ӘКК арқылы арнайы техникалар сатып алынды. Жалпы, 2011 жылдың наурызынан 2015 жылдың мамыр айына дейін облыстың 10 ауданында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сервистік, агротехникалық, жабдықтау және басқа да қызметтер көрсетуді ұйымдастыру үшін 18 СДО құрылған. 
Биыл Көксу ауданындағы қант зауыты күрделі жөндеуден өткізіліп, қайта іске қосылды. 28 қыркүйек күні Көксу қант зауыты алғашқы қант қызылшасын қа­былдай бастады. Алғаш болып қызыл­шаны Сарқан, Ескелді, Ақсу аудан­да­рының ша­руашылықтары тапсырды. Зауыт басшы­лығының хабарлауынша, зауыт 100-120 мың тонна шикізат қабыл­дай алады және 12 мың тонна қант өнді­руге дайын. Соны­мен қатар олар ша­руаларға үш күн ішінде төлемақы төлемек.
Міне, Елбасы тапсырмасына орай еңсесі көтеріліп, қызылша егіп, оны зауыт­қа қабылдай бастаған Алматы облысының диқандары сөйтіп, биыл рекордты өнім жинамақ. Бұл әрине, жұмыстың нәтижелі екендігін көрсетеді.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар